Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер сілкінісінен кейін Алматыдағы ЖОО жатақханаларында жарықтар пайда болды

Опубликовано:

Алматыда жер сілкінісінен кейін далаға шыққан қалалықтар
Алматыдағы жер сілкінісі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 4 наурызда болған жер сілкінісі салдарынан қаладағы бірнеше жоғары оқу орны жатақханаларының қабырғасы жарылып кеткен. Бұл ақпаратты мәжіліс кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бірнеше ғимараттың, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің және Алматыдағы басқа университеттердің жатақханаларында жарық пайда болған.

Біз Қала құрылысын бақылау басқармасынан және сейсмикалық төзімділік бойынша сарапшылар шақырып, талдау жүргіздік. Көтергіш құрылымдар бүлінбеген. Жарық пайда болғаны рас. Бірақ одан қауіп төніп тұр деп те айтуға болмайды. Арнайы талдау жасадық", - деді министр Саясат Нұрбек.

Алматыдағы жер сілкінісі

Айта кетейік, Алматыда 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.

Бұған қоса күшті жер сілкінісі салдыранын бірнеше ғимаратта, соның ішінде Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғимараты мен жатақханасында жарықтар пайда болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064804-zer-silkinisinen-keiin-almatydagy-zoo-zataqxanalarynda-zaryqtar-paida-boldy/

pixel