Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ЖОО бірінің ғимаратында жер сілкінісінен кейін жарықтар пайда болды (видео)

Опубликовано:

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде опырылған төбе
Алматыдағы жер сілкінісінің салдары. Скриншот: instagram.com/almaty_reklamaaa

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің баспасөз қызметі жер сілкінісінің университет ғимараты мен жатақханаға тигізген зардаптары туралы айтты. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жел сілкінісінен бүлінген оқу аудиториясының видеосы Instagram желісіндегі almaty_reklamaaa парақшасында жарияланды. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің баспасөз қызметі күшті жер сілкінісі салдарынан оқу ғимараттары мен жатақханалардың кей жерлерінде жарықтар пайда болғанын хабарлады. Алайда айтарлықтай зақым келмеген.

"Видеоға түсірілген жағдай университеттің 425-аудиториясында болған. Онда аспалы төбенің бірнеше жарық панелі құлаған. Қазір зақымдалған төбені жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, жер сілкінісі кезінде университет ұжымы жедел және ұйымшылдықпен әрекет етті", - деп атап өтті университет өкілдері.

Сондай-ақ ҚазҰПУ-дың баспасөз қызметі табиғи апаттың алғашқы белгілері байқалғаннан кейін студенттер мен қызметкерлер дереу ғимараттардан эвакуацияланып, сыртқа шығарылғанын мәлімдеді.

"Осы жағдайға байланысты барлық сабақ тоқтатылды.Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жатақханаларда кезекшілік басталып, тиісті шаралар жүргізілуде, жауапты тұлғалар мен дәрігерлер жатақханаларды аралап, студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен қызметкерлері арасынан жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады университеттен.

Алматыдағы жер сілкінісі

Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.

Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.

Бұған дейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев та Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.

Метро да жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады.

Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. Сейсмологтар алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үйіне қайтуға рұқсат берді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы мемлекет басшысына Алматыдағы жағдай туралы баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064458-almatydagy-zoo-birinin-gimaratynda-zer-silkinisinen-keiin-zaryqtar-paida-boldy-video/

pixel