Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алқабилер пара алса, таратылуы мүмкін": бас прокурордың орынбасарына Бишімбаев ісі бойынша сұрақ қойылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қуандық Бишімбаев пен оның адвокаттары
Қуандық Бишімбаев пен оның адвокаттары. Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Бүгін мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері Бас прокуратура басшысының орынбасары Әсет Шындалиевтен "Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді пара беріп, сатып алуы мүмкін бе?" деген сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жауапкершілік бар (бұл үшін – ред.ескертпесі), тіпті мұндай фактілер анықталса, алқабилер соты таратылуы мүмкін", - деп түсіндірді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.

Ол сондай-ақ сотта Бишімбаевты неліктен айдауыл мұқият күзеткеніне түсініктеме берді – еске салсақ, олар экс-министрді қауіпсіз алып жүруге орын жеткіліксіз деп, айыпталушыны журналистердің арасымен өткізуден бас тартқан, ал кейін тіпті БАҚ өкілдерін айналып өтетін есікпен алып жүрді.

"Бишімбаев қана емес, барлық сотталушы айдауылмен жүреді. Ол қамауда отыр, сондықтан оны сотқа дейін және кері айдауылмен алып жүреді", - деп жауап берді бас прокурордың орынбасары.

Бұған қоса Шындалиев алдын ала тыңдауларда БАҚ өкілдері фото және видеоға түсіру үшін сот залына кіргізілмегені, процесті басқа қабаттан тікелей трансляция арқылы көруге мәжбүр болғаны жөніндегі жағдайға пікір білдірді.

"Сіздерге жариялылық қамтамасыз етілді емес пе, тікелей эфирде көре аласыздар. Сотта болғанның бәрі көрсетіледі", - деп жауап берді ол.

Еске салсақ, кеше судья басты сот отырысы өтетін күнді белгіледі. Ол 27 наурызда сағат 10:00-де басталады.

Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаевтің ісі алқабилер сотында қаралатынын жазған едік. Сот отырысы орыс тілінде өтеді. Айыпталушыларға қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алу.

Салтанат Нүкенованың өлімі

2023 жылғы 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің дене жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев күдікті екені белгілі болды.

Бишімбаевтың екінші әйелі Салтанат Нүкенова қаза тапқан болып шықты. Сондай-ақ Салтанат Нүкенова Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Нүкеновтің жиені екені белгілі болды.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Нүкенова қайтыс болған "Гастро-орталық" директоры да қамауға алынды. Ол қылмысты жасырды деген күдікке ілінді. Кейін полицейлер кісі өлтіру оқиғасы болған мейрамхананың бақылау камерасының бейнежазбаларын тәркіледі. Салтанаттың туыстары Қуандық Бишімбаевтың бауырын да жауапқа тартуды талап етті.

Қайғылы оқиға жайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді. Ол Нүкенованың өліміне қатысты істі ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Ал ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев жас келіншек нақты қашан қайтыс болғаны медициналық сараптама қорытындысынан кейін анықталатынын айтты. Желтоқсан айының аяғында бұл іс туралы Қуандық Бишімбаевтың әкесі, мәжілістің бұрынғы депутаты Уәлихан Бишімбаев айтты.

"Ұлым өз ісіне сәйкес әділ жазасын алуы керек. Мен әке ретінде ұлым үшін қатты уайымдаймын, бірақ оны ақтамаймын. Мен биліктен көмек сұрап барған емеспін және бармаймын да", - деді ол.

Кейін Қуандық Бишімбаеваның бұрынғы әйелі Назым пікір білдірді. Зардап шеккен тараптың адвокаттары Салтанаттың туыстарының сөзіне сілтеме жасап, тараптар татуласуы мүмкін емес деп мәлімдеді.

Бұған дейін марқұмның ағасы Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ашық өтуін талап етіп отырғанын, өйткені марқұмның отбасы Бишімбаевтар отбасының сот процесіне ықпалынан қауіптенетінін айтқан.

2024 жылғы қаңтар айының басында Бишімбаев ісі бойынша тергеу аяқталғаны белгілі болды. ІІМ тергеу қандай баптар бойынша жүргізілгенін де атады: бұрынғы ұлттық экономика министрі екі бап бойынша, кісі өлтіру және азаптау, ал бауыры қылмысты жасырды деп айыпталып отыр.

11 наурызда атышулы іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Сот залына журналистерді кіргізбеді, баспасөз өкілдері сот отырысын көрші бөлмеден теледидар арқылы бақылап отырды. Сот тыңдауында Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын айтты. Сондай-ақ ол алқабилерге жүгінгісі келетінін жеткізді.

Алдын ала тыңдау барысында прокурор Салтанат Нүкенова өлтірілген күні марқұм әйел мен Қуандық Бишімбаевтың арасында не жағдай болғанын оқып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067618-alqabiler-para-alsa-taratyluy-mumkin-bas-prokurordyn-orynbasaryna-bisimbaev-isi-boiynsa-suraq-qoiyldy/