Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының полицияға бармақ болғанын айтты

Опубликовано:

Марқұм Салтанат Нүкенова ағасымен
Марқұм Салтанат Нүкенова ағасымен. Скриншот: instagram.com/aitym

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта қарындасының өліміне қатысты істе жәбірленуші – марқұмның ағасы Айтбек Амангелді Нүкенованың полицияға арызданбақ болғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Айтбек Амангелдіге қарындасы жіберген фотосуреттерге қатысты сұрақтар қойды. Ағасы онымен хат жазысқанда Салтанат Нүкенова көгерген жерлеріне Бишімбаевтың қатысы барын жоққа шығармағанын айтты.

"Мен көгерген жерлерін көргенде, олар аздап қайта бастаған. Яғни, бір аптаға жуық уақыт өткен. Қуандық оның телефонын ақтарғандықтан, бұл суреттерді сақтауға қорыққан. Қарындасым бұл үшін Қуандықтың үстінен арыз жазғысы келді", - деді Амангелді.

Бишімбаевтың қорғаушы тарапы жәбірленушіге қосымша сұрақтар қойды.

"Қуандықтың соққыға жыққанын білсеңіз, неге қарындасыңызды алып кетпедіңіз? Сіз 20 наурыздан бастап оған: "Ол сені өлтіреді, онымен бірге тұрудың қажеті жоқ" деп жазыпсыз. Неге оның заттарын жинап, үйге алып кетпедіңіз?" - деп сұрады Бишімбаевтың адвокаты.

Айтбек Амангелді адвокаттан "қарындасымды күштеп алып кетуім керек пе еді"? деп қарсы сұрақ қойды. Ол сондай-ақ әрбір адамның өзі қабылдайтын шешімдері мен жеке шекарасы бар екенін атап өтті.

"Менің келіп, адамға зорлық көрсетуге құқығым жоқ", - деді Салтанат Нүкенованың ағасы.

Сонымен қатар Айтбек Амангелді 2023 жылдың сәуірінде Бишімбаев Салтанатпен некесін ресми тіркеу мәселесін көтергенін, бірақ қарындасының қаламағаныны айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Айтбек Амангелді Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевпен таныстығы, қаза болған күні не жағдай болғанын айтты. Сонымен қатар ол марқұм қарындасының шамамен сегіз рет Бишімбаевтан кетіп қалғанын, онымен қарым-қатынасын үзуге әрекеттенгенін атап өтті.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075559-saltanat-nukenovanyn-agasy-qaryndasynyn-policiyaga-barmaqsy-bolganyn-aitty/

pixel