Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша келесі сот отырысы қашан өтетіні хабарланды

Опубликовано:

Сот залы
Сот залы. Фото: t.me/Jogargy_sot

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилердің қатысуымен кезекті сот отырысы 1 сәуірде өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 29 наурызда Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилердің қатысуымен кезекті сот отырысы өтті.

Процесс Жоғарғы Соттың YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Түске дейінгі отырыста сот зардап шеккен тараптың айғақтарын тыңдады. Ал түстен кейін процесс куәлерден іс бойынша жауап алумен жалғасты. Барлығы 4 куәдан жауап алынды.

Келесі сот отырысы 1 сәуір сағат 10:00-ге белгіленді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075694-quandyq-bisimbaev-isi-boiynsa-kelesi-sot-otyrysy-qasan-otetini-xabarlandy/

pixel