Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алқабилерге кері әсер етуі мүмкін": Бишімбаев ісі бойынша прокурор мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Прокурорлар
Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада Қуандық Бишімбаев ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. Алқабилер келгенше прокурор мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Прокурор соттың қорғанушы тараптың бұл процесті ашық және жария түрде өткізу туралы өтінішін қанағаттандырғанын еске салды.

"Бұл бәрінің есінде деп ойлаймын. Сот тараптар үшін барлық жағдайды жасады.

2024 жылғы 29 наурыздағы сот отырысынан кейін әлеуметтік желілерде соттың сот процесі туралы жеке пікірді білдіретін жазбалар жарияланды. Бұл мән-жайлар сот отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтіреді және алқабилерге кері әсер етеді.

Құрметті сот, процеске қатысушылардың барлығын қылмыстық іс жүргізу заңнамасы нормаларының талаптарын сақтауға және сондай-ақ оларға сот процесі туралы арыз, қарсылық немесе ой-пікірін әлеуметтік желі платформасында емес, сот процесінде айтуды сұраймын", - деді прокурор.

Айта кетейік, 1 сәуірде Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы жалғасты.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076573-alqabilerge-keri-aser-etui-mumkin-bisimbaeva-isi-boiynsa-prokuror-malimdeme-zasady/

pixel