Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сотталушының адвокаттары іске Нүкенова мен Бишімбаевтың Мальдивтегі суреттерін қосуға тырысты

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев сотта
Қуандық Бишімбаев сотта. Фото: t.me/Jogargy_sot

Сот отырысында сотталушы Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Бишімбаев пен Нүкенованың Мальдив аралдарындағы демалысында түскен фотосуреттерді қосуды сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бұл фотосуреттер азаптау туралы айыптарды жоққа шығару үшін қажет", – деді айыпталушының адвокаты.

"Олардың мимикасынан бәрін көруге болады", – деп қосты тағы бір адвокат.

Жәбірленушінің адвокаты бұл фотосуреттерді қосуға қарсы болды.

"Олар бізге бақытты өмірдің көрінісі ретінде бергілері келетін фотосуреттер, арасында ол бақытты болған да шығар, бірақ бұл фотосуреттер бізге белгісіз себептермен ұсынылмады (дәлел ретінде – автордың ескертпесі)", – деп атап өтті адвокат.

Зардап шеккен тараптың адвокаты олар Мальдив аралдарының фотосуреттерін қосудан бірнеше рет бас тартқанын айтып, қазылар алқасын жаңылыстыруға тырысып жатқанын айтты. Оларды қоспау – тергеушінің құқығы, деді адвокат.

"Бұл фотосуреттердің қайдан алынғаны белгісіз, айып 2022 жылдың тамызынан бері қозғалған. Бәлкім, фотосуреттер тамызға дейін түсірілген болуы мүмкін, біз білмейміз, қорғаушылар бұл туралы айтпайды. Біз бұл фотосуреттерді қазылар алқасына беруге қарсымыз", – деп атап өтті прокурор.

Сотталушының адвокаты фотосуреттер 2023 жылдың ақпан айында түсірілгенін айтты. Судья қорғаушы тараптың өтінішін қанағаттандырмады.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076921-sottalusynyn-advokattary-iske-nukenova-men-bisimbaevtyn-maldivtegi-suretterin-qosuga-tyrysty/

pixel