Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев Нүкеновамен бірге емшіге не үшін барғанын айтты

Жарияланған күні:

Куандық Бишімбаев.
Куандық Бишімбаев сотта. Фото: t.me/Jogargy_sot

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі кезінде Қуандық Бишімбаев Салтанатпен бірге неліктен көріпкелге барғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сот отырысында Бишімбаевқа неге балгерге барғаны туралы сұрақ қойды. Алайда сотталушы бұл әйел көріпкел емес, емші екенін, ал Салтанат бала көтере алмай жүргеніне уайымдағанын айта кетті.

"Ол бала көтере алмады. Емші таңғы 6-дан 10-ға дейін қабылдайды. Бірақ Салтанаттың таңертең оянуы қиынға соғатын. Ал ол жақта таңғы 5-те кезекке тұрмасаң, емшіге кіре алмайсың. Мен оны таңғы 5-те осы себепті ояттым. Ол бала көтергісі келді, ал мен балалы болғым келді, бірақ әйтеуір болмады", – деді сотталушы.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077028-bisimbaev-nukenovamen-birge-emsige-ne-usin-barganyn-aitty/