Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сотты шатастырдыңыз": судья Бишімбаевтың адвокаттарына тиісті шара қолданылатынын айтты

Жарияланған күні:

Бишімбаев сот залында
Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Бүгін сотта Қуандық Бишімбаев жауап беруді жалғастырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қуандық Бишімбаев адвокаттарынан жауап беру кезінде кісі өлімі болған мейрамхананың әжетханасы мен VIP бөлмесінің фотосуреттерді көрсетуді сұрады. Бишімбаевтың адвокаттары сотта қылмыс болған VIP-бөлменің схемасы көрсетілген фотосуреттерін көрсетті.

Алайда жәбірленуші тараптың адвокаты бұл суреттер наурыз айында, яғни кісі өлімі болғаннан кейін түсірілгенін атап өтті. Сондықтан сотта бұларды қолдануға болмайды, деді жәбірленуші тарап өкілдері.

"Сот қорғаушы тарапқа – қорғаушыларға ескерту жасайды. Сіз бұл қылмыс болған жерді тексеру актісінен алынған фотосуреттер деп көрсетіп, сотты және процеске қатысушыларды шатастырып отырсыз. Бірақ іс жүзінде басқа фотосуреттерді беріп отырсыз.

Сол себепті фотосуреттерді жинаңыз. Ал сотты шатастырғаныңыз үшін іс бойынша нақты шешім шығарылған кезде бұған қатысты тиісті шаралар қабылданады", - деді судья.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078120-sotty-satastyrdynyz-sudya-bisimbaevtyn-advokattaryna-tiisti-sara-qoldanylatynyn-aitty/