Сотта адвокаттар Нүкенова қайтыс болған жерде түсірілген фотосуреттерді көрсетті
Жарияланған күні:
Читать на русскомСалтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында іс материалдарынан сурет көрсетілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Сот барысында айыптаушы тарап іс материалдарынан фотосуреттер көрсетті. Онда қылмыс орнынан түсірілген кадрлар көрсетілген.
Сондай-ақ едендегі қан дақтары, пердедегі қан дақтары және Салтанат Нүкенованың шашының жанындағы қан жұққан майлық бейнеленген фотосуреттер көрсетілді.
Еске салсақ, Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысының жалғасы өтіп жатыр. Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат соққыға жығылған сәттің монтаждалған видеосын көрсетті.
Сот отырысы Жоғарғы соттың YouTube-каналында онлайн көрсетілуде.
Осыған дейін болған сот отырыстарының бірінде алқабилердің бет-жүзі көрсетілген сурет БАҚ-та тарап кеткені белгілі болды. Тыйым талаптарының бұзылғанына байланысты судья БАҚ өкілдерін сот залынан шығаруды бұйырды.
Сотта марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды. Онда Салтанат күйеуі Бишімбаевтан кеткен жағдайда не болатыны туралы жазған.
Сондай-ақ Нүкенованың көмекшісінен жауап алынды. Анар Тасова марқұмның астрологиядан табысы қандай болғанын айтты.
Айта кетейік, 27 наурызда Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталған болатын.
Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.
Қуандық Бишімбаев ісі
Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.
12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082557-sotta-advokattar-nukenova-qaitys-bolgan-zerde-tusirilgen-fotosuretterdi-korsetti/