Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы басталды: онлайн-трансляция

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев сот залында
Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қылмыстық іс бойынша сот отырысы онлайн көрсетіледі. Сот отырысы сағат 09:30-да басталады.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Еске салсақ, Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат соққыға жығылған сәттің монтаждалған видеосын көрсетті.

Осыған дейін болған сот отырыстарының бірінде алқабилердің бет-жүзі көрсетілген сурет БАҚ-та тарап кеткені белгілі болды. Тыйым талаптарының бұзылғанына байланысты судья БАҚ өкілдерін сот залынан шығаруды бұйырды.

Сотта марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды. Онда Салтанат күйеуі Бишімбаевтан кеткен жағдайда не болатыны туралы жазған.

Сондай-ақ Нүкенованың көмекшісінен жауап алынды. Анар Тасова марқұмның астрологиядан табысы қандай болғанын айтты.

Бұған қоса, сотта адвокаттар Нүкенова қайтыс болған жерде түсірілген фотосуреттерді көрсетті.

Айта кетейік, 27 наурызда Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталған болатын.

Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082785-eks-ministr-quandyq-bisimbaevqa-qatysty-is-boiynsa-kezekti-sot-otyrysy-bastaldy-onlain-translyaciya/

pixel