Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың адвокаты судья Айжан Кұлбаеваны істен шеттетуді сұрады

Опубликовано:

Ерлан Ғазымжанов
Ерлан Ғазымжанов. Видеодан кадр: ҚР Жоғарғы сотының YouTube-арнасы

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Кұлбаеваны істен шеттетуді сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Кұлбаеваны істен шеттетуді сұрады.

Алқабилер соты мүшелері сот залынан шығарылып, видеотрансляция тоқтатылды.

Бүгін Астанада әйелін азаптап өлтірді деп айыпталып жатқан Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы жалғасып жатыр.

Еске салсақ, Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат соққыға жығылған сәттің монтаждалған видеосын көрсетті.

Осыған дейін болған сот отырыстарының бірінде алқабилердің бет-жүзі көрсетілген сурет БАҚ-та тарап кеткені белгілі болды. Тыйым талаптарының бұзылғанына байланысты судья БАҚ өкілдерін сот залынан шығаруды бұйырды.

Сотта марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды. Онда Салтанат күйеуі Бишімбаевтан кеткен жағдайда не болатыны туралы жазған.

Сондай-ақ Нүкенованың көмекшісінен жауап алынды. Анар Тасова марқұмның астрологиядан табысы қандай болғанын айтты.

Бұған қоса, сотта адвокаттар Нүкенова қайтыс болған жерде түсірілген фотосуреттерді көрсетті.

Айта кетейік, 27 наурызда Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталған болатын.

Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082875-bisimbaevtyn-advokaty-sudya-aizan-kulbaevany-isten-settetudi-surady/

pixel