Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл төртіншісі": Байжанов сотта Бишімбаев бұған дейін бірнеше есікті сындырғанын айтты

Жарияланған күні:

Сынған есік
Сынған есік. Видеодан кадр: youtube.com/@SupcourtRK

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов сотта Бишімбаевтың бұған дейін бірнеше есікті сындырғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сот отырысында ол Салтанат Нүкенова жатқан VIP-кабинаға кірген кезде сынған ыдыс-аяқты, сынған есікті көргенін айтты.

Прокурордан "Есік сыну фактісі бұрын болды ма?" деген сұрағына Байжанов "иә" деп жауап берді.

"Иә, бұл төртінші есік", - деді ол.

Мемлекеттік айыптаушы айыпталушыдан "Ол есіктерді Бишімбаевтың өзі сындырмы ма?" деген сұрағына Байжанов есіктерді Қуандық сындырғанын айтты.

"Иә, Алматыдағы үйде жуынатын бөлменің есігі осындай күйде болған", - деді ол.

Прокурор одан "Салтанатты ұрған сайын ба?" деп сұрады, айыпталушы солай екенін айтты.

Айта кетейік, кезекті сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов 2023 жылғы 9 қарашада Салтанат Нүкенова көз жұмған күні "Гастроорталықта" не жағдай болғанын айтып берді.

Бұған қоса ол BAU мейрамханасының бейнебақылау камераларындағы бейнежазбаны не себепті өшіргенін айтты.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-дағы арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083190-bul-tortinsisi-baizanov-sotta-bisimbaev-bugan-deiin-birnese-esikti-syndyrganyn-aitty/