Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені түсінулеріңізді сұраймын": Бишімбаевтың анасы сотқа қатысушыларға өтініш білдірді

Жарияланған күні:

Альмира Бишімбаева, Қуандық Бишімбаев
Альмира Бишімбаева, Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астана сотында әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасты. Бүгінгі сотта айыпталушының анасы Альмира Бишімбаева сөз алып, сотқа қатысушыларға өтініш білдірді. Бұл туралы Жоғарғы сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мен, әрине, заңгер емеспін, ойымды дұрыс жеткізе алмайтын шығармын, егер мәскеулік мамандардың қорытындысын қабылдамасаңыздар, ұлымның қорғануы, өзін қорғауы үшін дәлелдерін ұсынуы керек дейтін конституциялық құқығы шектеледі деп ойлаймын.

Сондықтан, сот, прокурорлар, алқабилер, жәбірленуші тарап, мені ана ретінде түсінулеріңізді сұраймын. Мұны шын жүрегіммен айтып отырмын", - деді Альмира Бишімбаева бүгінгі сот отрысында.

Бүгін азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы қрып өлтірді деп айыпталып отырған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтті.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы 27 наурызда басталған болатын.

Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды деген күдікпен ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085686-meni-tusinulerinizdi-suraimyn-sotta-bisimbaevtyn-anasy-soz-aldy/