Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев ісінен кейін желіде жанайқайын айтқан қазақстандық әйелдер кім

Жарияланған күні:

Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал
Жәбірленуші мен агрессор. Көрнекі фото: pixabay.com

Бишімбаев ісі және ел президентінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қылмыстық жауапкершілік қарастыратын жаңа заңға қол қоюы Қазақстан қоғамында толқын туғызды. Тіпті қазақстандық кей шенеуніктердің әйелдері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын ашық айта бастады. KAZ.NUR.KZ тілшісі бұған шолу жасап көрді.

Қазақстанның Жоғарғы соты Бишімбаев ісі бойынша отырысты тікелей трансляциялағаннан кейін қазақстандықтар тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына жіті назар аудара бастады. Әлеуметтік желіде әйелдер күш пен билікке ие күйеулерінің жазаға тартылатынына сенбегенін, Бишімбаев ісі олардың жанайқайын еститінін көрсетіп бергенін айтып жатыр.

БАӘ-дегі елші көмекшісінің жұбайы Карина Мамаш

Осы айдың басында шетелде жұмыс істейтін, БАӘ-дегі Қазақстан елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі – Карина Мамаш 10 жылдық некесінде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеді. Осыдан кейін Сыртқы істер министрлігі өкілдері Сәкен Мамаш дипломатиялық қызметтен алынып, жұмыстан шығарылатынын хабарлады. Министрлік сонымен бірге Карина Мамашқа балалармен бірге елге билет сатып алып беріп, ол елге оралды. Қазіргі уақытта бұл істі полиция тергеп жатыр.

"Менің жұбайым дипломат мәртебесінен айырылып, жасаған барлық қорлығы үшін түрмеге жабылғанын қалаймын", - дейді ол.

Белгілі медиамаман Шынар Жәнібекова

Белгілі медиамаман Шынар Жәнібекова Facebook-тегі парақшасында 8 мамырда күйеуі оны ұлының алдында қалай ұрғанын айтты. Өз сөзінше, күйеуі бұрынғы мемлекеттік қызметкер.

"Сол күні күйеуім қуып, мен жалаңаяқ көшеге шықтым. Ол мені құлатып, тепкілей бастады. Мен айқайлай бастадым. Ұлым екеуміз көршілерімізге қашып кеттік. Сол жерден полиция шақырдық. Полиция бөліміне келгеннен кейін күйеуіммен бірге бір камераға отырғызбақ болды. Мен бас тартып, отырмайтынымды айттым", - деп еске алады Шынар Жәнібекова өзінің жазбасында.

Мақат ауданы әкімінің бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиева

Қазақстандық Ақмарал Үмбетқалиева бұрынғы жұбайы Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтен қорлық көріп келгенін мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, Ибрагимов оны 11 жыл бойы ұрып-соғып, балаларды тартып алған.

"Мен Атырау қаласының тұрғыны Үмбетқалиева Ақмарал Атырау облысы Мақат ауданының әкімі, бұрынғы күйеуім Ибрагимов Ринат Хисаевичке қатысты мәлімдеме жасағым келеді. Ибрагимов Ринат мені 11 жыл бойы ұрып соқты", - деді Үмбетқалиева видеода.

Оның айтуынша, 2023 жылы бұрынғы жұбайының зорлық-зомбылығы қайталанған. Әйел омыртқа сүйегі сынып, бір ай бойы жүре алмаған.

Кейін Ринат Ибрагимов желідегі парақшасында бұл мәлімдемені жоққа шығарып, сот процесі жүріп жатқанын жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103755-bishimbaev-isinen-keiin-zhelide-zhanaiqaiyn-aitqan-qazaqstandyq-aielder-kim/