Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адвокат Ғазымжанов Қуандық Бишімбаев Жоғарғы сотқа шағым түсірмегенін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ерлан Ғазымжанов
Ерлан Ғазымжанов. Видеодан кадр: ҚР Жоғарғы сотының YouTube-арнасы

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сотталушы да, оның қорғаушысы да Жоғарғы сотқа шағым түсірмегенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ адвокаттың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов өзінің қорғауындағы адамның Жоғарғы сотқа шағым түсірмегенін мәлімдеді.
  • Адвокаттың айтуынша, Жоғарғы сотқа Б. Байжанов қана жүгінген.
  • Бұған дейін Сот кеңсесінде Бишімбаев пен Байжановтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілгені туралы ақпарат жарияланған болатын.

"Бүгін Жоғарғы сот маған Қ. Бишімбаев пен Б. Байжановтың кассациялық шағымы бойынша қылмыстық іс түскенін хабарлады.

Бишімбаев және оның адвокаттары Жоғарғы Сотқа шағым түсірген жоқ. Б. Байжанов Жоғарғы сотқа жүгінді", - деді Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов.

Айта кетейік, 6 тамызда Сот кеңсесінде Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі Жоғарғы сотқа жіберілгені туралы жазба шыққан болатын.

24 жылға сотталған Бишімбаев колонияда жұмысқа тұрса, қанша жалақы алатын туралы жазған едік. Бұған дейін Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторынан Аршалы ауылындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстырылғаны белгілі болған еді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-дағы арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады.

Елордалық ПД өкілдері күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды және қылмыс туралы хабарламады деген күдікпен құрықталды.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты басты сот отырысы 27 наурызда басталды. Сот процесі ашық режимде өтті, ол Жоғарғы соттың YouTube желісіндегі парақшасында онлайн көрсетілді.

13 мамырда сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Алқабилер алқасының үкімімен:

  • Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағымен кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған;
  • Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

10 маусымда Астана сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағым түсті. 26 маусымда елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды. Сот отырысы сол күні аяқталды, судья бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145393-advokat-quandyq-bishimbaev-zhogargy-sotqa-shagym-tusirmegenin-aitty/