Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саясат Нұрбек Қазақстанда уақыт кері ауыстырылмайтынын, бірақ зерттеу жүргізілетінін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Сағат
Сағат тілі. Көрнекі фото: Pexels

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкіметтің уақыт белдеуін ауыстыру жөніндегі шешімі өзгермейтінін, бірақ сонда да оның әсеріне қатысты зерттеу жүргізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мұнда дұрыс, не бұрыс жауап жоқ. Әріптестер, қараңғыда қара мысық іздеп әуре болмаңыздар. Уақытты ауыстыру қаншалықты қажет болды деген сауал кейінгі бірнеше айда күн тәртібінен түсіпей тұр. Денсаулық сақтау министрлігі жеке зерттеу жүргізу керек деп шешті. Біздің министрлік қолдады. Оны іске асыру үшін бәрін жасадық. Жоғары ғылыми техникалық комиссия мақұлдады. Қоғам үшін қаншалықты күрделі мәселе екенін білу үшін сауалнама жарияладық", - дейді Саясат Нұрбек.

Журналистер министрден көпшілік уақыт ауыстыруға қарсы екені анықталса, бұрынғы орнына қайтара ма деп сұраған.

"Үкіметтің өткен жолғы отырысында түпкілікті шешім қабылданды. Енді күн тәртібіне басқа бір мәселе шығып отыр. Оның денсаулыққа әсерін анықтап, жұмыс күнінің кестесін дұрыстауымыз керек", - деп жауап берді министр мәжіліс ғимаратындағы журналистерге.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Саясат Нұрбек уақытқа қатысты зерттеуге шамамен 90-100 млн теңге жұмсалатынын айтқан.

2 қарашада электронды үкіметтің қосымшасында уақытты ауыстыру мәселесі туралы сауалнама жарияланып, бірнеше күннен кейін өшірілген. Үкіметтегілердің айтуынша, оған шамамен 200 мың адам қатысқан. Алайда сауалнама нәтижесі әзірге жарияланған жоқ.

Қазақстанда биыл 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне көшіп, еліміздің бірнеше өңірінде уақыт бір сағатқа артқа жылжыды. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында жергілікті уақыт бір сағатқа артқа қойылды.

Күзде күн қысқарған сайын тұрғындар, қоғам белсенділері үкіметтен бір белдеу туралы шешімнен бас тартып, республиканы бұрынғы уақыт тәртібіне қайтаруды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2193194-sasat-nurbek-qazaqstanda-uaqyt-keri-auystyrylmaitynyn-biraq-zertteu-zhurgiziletinin-malimdedi/