Зектілері

Уақыт белдеуін ауыстырудың Қазақстанға әсерін зерттеуге қанша қаражат бөлінеді

Жарияланған күні:

Сағат
Сағат тілі. Көрнекі фото: Pexels

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2027 жылдары ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыруға байқау жарияланғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Эпидемиологиялық, биологиялық қауіпсіздік және халық денсаулығын қорғау салаларындағы зерттеу аясында бірыңғай уақыт белдеуіне ауысудың ықпалы зерттеледі.

Ғылым министрлігі бірнеше мақсат қойған. Олардың арасында уақыт ауыстырудың Қазақстан тұрғындарының психикалық және физикалық денсаулығына ықпалы бағаланады.

Зерттеу барысында Қазақстанда уақыт ауыстырудың қаншалықты қажет екеніне ғылыми тұжырым жасалып, мемлекеттік органдарға қазіргі уақыт жүйесін сақтау немесе өзгерту жөнінде кеңестер беріледі.

Зерттеуге 2025 жылы 54 млн теңге бөлінеді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 1 наурызда Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне өтті.

Артынша қоғам белсенділері үкімет шешіміне наразы болып, петицияға қол жинай бастаған.

Жақында мұндай шешімге кәсіпкерлердің де наразы екені мәлім болған.

Бір ай бұрын кылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкіметтің уақыт белдеуін ауыстыру жөніндегі шешімі өзгермейтінін, бірақ сонда да оның әсеріне қатысты зерттеу жүргізілетінін мәлімдеген.

Географиялық тұрғыда 4 уақыт белдеуінде орналасқан Қазақстанда соңғы 100 жылда сағат тілі 12 рет ауысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2204348-uaqyt-beldeuin-auystyrudyng-qazaqstanga-aserin-zertteuge-qansha-qarazhat-bolindi/