RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Алматы облысында 31 градус аяз болады: синоптиктер ескерту жасады

Жарияланған күні:

аязды күні талда отырған құс
Талда отырған құс. Көрнекі фото: pixabay.com

24 қаңтарда Алматы облысында қатты аяз болуы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"24 қаңтарда түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 31 градус қатты аяз күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге синоптиктер Алматы және Қонаев қалаларында да тұман күтілетінін хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін "Қазгидромет" ел тұрғындарына ескерту жасап, еліміздің бірқатар өңірінде күн райы бұзылатынын мәлімдеген. Ал бүгін ел астанасында 36 градусқа дейін аяз болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2214645-erteng-almaty-oblysynda-31-gradus-aiaz-bolady-sinoptikter-eskertu-zhasady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif