jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алдағы күндері еліміздің кей аймақтарында 15 градусқа дейін жылы болады

Гүлдеп тұрған гүл
Гүлдеп тұрған гүл. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігінде аяз сақталып, оңтүстік аймақтарда 15 градусқа дейін жылы болады деп күтіліп отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, жақын күндері Қазақстан тұрғындары тұрғылықты жері бойынша климаттың күрт өзгеруін сезінеді.

Елдің солтүстік аймақтарына антициклон әсер етіп, суық ауа массаларының әсерінен жауын-шашынсыз аязды күн райы сақталады.

Алайда оңтүстік аймақтарға оңтүстік циклон әсер етіп, нәтижесінде күндіз ауа температурасы біртіндеп 10-15 градусқа дейін көтеріледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының тауларында бәйшешек гүлдей бастағанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ синоптиктер биыл көктемде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Метеорологтардың мәліметінше, синоптикалық процестердің жиі өзгеруі салдарынан аралық мезгіл өте тұрақсыз болады. Мысалы, суық ауа массалары келген кезде қатты қар жаууы, солтүстік аймақтарда бұрқасын соғуы, ал арктикалық суық ауа келген жағдайда үсік жүруі мүмкін.

Алдағы күндері еліміздің кей аймақтарында 15 градусқа дейін жылы болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.