jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Шерзат Болаттың өліміне қатысты ашық сот отырысы: онлайн-трансляция

сот отырысы
Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы. Фото: t.me/Jogargy_sot

Бүгін, 28 сәуірде Талғарда кісі қолынан қаза болған жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін 2025 жылғы 28 сәуір, сағат 10.00-ге марқұм Шерзат Болаттың қазасына қатысты кезекті сот отырысы белгіленген.

Ашық сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көруге болады.

Сот отырысы Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр.

Айта кетейік, марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы 10 сәуірде өтті. 17 сәуірде басты сот талқылауы басталды.

Айыпталушылар орнында 9 адам отыр.

Басты айыпталушы Шынасыл Шерзат Болатты өлтірді, оның ағасын өлтіруге оқталды және бұзақылық жасады деген күдікке ілінген.

Сакиевке кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық, Тоқтаубаев А.- ға бұзақылық және марқұмның ағасының телефонын ұрлау, Әскентай, Белғожаев, Ильясов, Тоқтаубаев Н., Қалиахметке бұзақылық жасау, кәмелетке толмаған Ы.-ға қылмыс туралы хабарламау бойынша айып тағылды.

Шерзат Болаттың өліміне қатысты ашық сот отырысы: онлайн-трансляция

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.