jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Шерзат Болат ісі бойынша ашық сот отырысы: онлайн-трансляция

қорғаушылар
Сот залынан фото: Жоғарғы соттың Telegram-дағы арнасы

Бүгін, 29 сәуірде Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот отырысының басталуы сағат 10:00-ге белгіленген. Сот залынан онлайн-трансляцияны Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көруге болады.

Сот отырысы Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр.

Айта кетейік, марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы 10 сәуірде өтті. 17 сәуірде басты сот талқылауы басталды.

Айыпталушылар орнында 9 адам отыр.

Басты айыпталушы Шынасыл Шерзат Болатты өлтірді, оның ағасын өлтіруге оқталды және бұзақылық жасады деген күдікке ілінген.

Сакиевке кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық, Тоқтаубаев А.- ға бұзақылық және марқұмның ағасының телефонын ұрлау, Әскентай, Белғожаев, Ильясов, Тоқтаубаев Н., Қалиахметке бұзақылық жасау, кәмелетке толмаған Ы.-ға қылмыс туралы хабарламау бойынша айып тағылды.

Еске сала кетейік, кеше, 28 сәуірде өткен сот отырысында іс бойынша куәгерлерден жауап алынды. Олардан 2024 жылғы қазанның 3-нен 4-не қараған түні қандай жағдай болғаны сұралды.

Мемлекеттік айыптаушылар мен адвокаттар куәгер Эльмира Нұрбекованың тергеу барысында және сотта берген жауабында қарама-қайшылық бар екенін атап көрсетті.

Сот отырысында Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша екінші куәгер Дана Жақсыкелдіден жауап алынды. Ол жанжалдан кейін жолда кетіп бара жатқанда көліктің ішінде достарының қолынан мылтық пен пышақтың жүзін көргенін айтты. Сондай-ақ прокурорлар неге оқиға туралы 102-ге хабарламағанын сұрады.

Шерзат Болат ісі бойынша ашық сот отырысы: онлайн-трансляция

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.