Алматыда жер сілкінісі кезінде қабырғасы жарылған мектептің орнына жаңасы салынатын болды
Опубликовано:

Алматының Бостандық ауданында жер сілкінісінің салдарынан қабырғасы жарылған мектеп ғимараты қауіпті деп танылды. Оның орнына жаңа ғимарат cалу жоспарланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Бостандық ауданына барған. Сапар барысында әкім жер сілкінісінен зақым келген мектепке ат басын ьұрған.
"Нұртазин көшесіндегі № 190 мектепте қыстағы жер сілкінісінен кейін қабырғаларда, дәліздер мен спорт залында жарық пайда болған. Техникалық сараптама ғимараттың қазіргі қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін анықтады", - дейді әкімдік өкілдері.
Олардың мәліметінше, мұнда 417 бала оқыған, алайда мектептің жобалық қуаты небәрі 300 орын. Күн сайын 80-ге жуық оқушы Алмаарасан, Көкшоқы, Казачка және тағы басқа тау бөктеріндегі елді мекендерден қатынап оқиды.
Сапар барысында әкім осы мектепке қатысты жаңа құрылыс жобасымен танысты. Жоба аясында ескі ғимараттың орнына бір ауысымда оқуға мүмкіндік беретін заманауи мектеп салу жоспарланып отыр. Ол 600 оқушыға арналмақ.
Еске сала кетсек, былтыр 23 қаңтарда түнгі cағат 00:09 шамасында Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді. Жер дүмпуінен кейін алматылықтар жаппай көшеге шықты.
Екінші рет 2024 жылғы 4 наурызда сағат 11:22 де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды. ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2253546-almatyda-zher-silkinisi-kezinde-qabyrgasy-zharylgan-mektepting-ornyna-zhangasy-salynatyn-boldy/