Ирандағы жағдайға байланысты әуеге көтерілген ұшақтар Қазақстанға қайтып оралатын болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығысқа ұшатын рейстеріне өзгерістер енгізіп, әуеге көтерілген бірнеше ұшақ Қазақстанға қайтып оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Air Astana компаниясының Telegram арнасында хабарланғандай, 28 ақпанда Иранның әуе кеңістігінің жабылуына және аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты мынадай өзгерістер болды:
- KC263 Алматы - Медина, KC897 Алматы - Дубай, KC653 Алматы - Доха, KC205 және КС207 Астана - Дубай рейстері өз әуежайларына қайтып оралады.
- KC899 Алматы-Дубай рейсі- Делиге, FlyArystan FS7617 Ақтау-Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа ұшты.
- 28 ақпанда Таяу Шығысқа орындалатын рейстер тоқтатылды.
"Air Astana компаниялар тобы жағдайды мұқият бақылап, жолаушыларды тасымалдау мәселелерін шешуде.
Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі межелі әуежайларға ұшып шығу және ұшып келу уақытында өзгерістер болады деп күтілуде. Сатып алу орны бойынша Жидда, Медина мен Дубайға билеттерді 6 наурызды қоса алғанға дейін тегін қайта броньдауға және қайтаруға рұқсат етіледі. Қауіпсіздік - біздің басты басымдығымыз", - делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Еске салсақ, 27 ақпанда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Иран төңірегінде шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған болатын.
Ал 28 ақпанда Израиль қорғаныс министрлігі ЦАХАЛ Иранға алдын ала соққы жасағанын хабарлады.
Артынша Трамп АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операцияны бастағанын мәлімдеді.
Көп ұзамай Иран өзіне жасалған шабуылға жауап ретінде Израильге қарай ондаған зымыран бағыттады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2348641-irandagy-zhagdaiga-bailanysty-auege-koterilgen-ushaqtar-qazaqstanga-qaityp-oralatyn-boldy/