jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірімді табуға көмектескен 18 жастағы жігіт марапатталды

Әділжан Дүренбеков марапатталды
ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев және Әділжан Дүренбеков. Фото: ҚР ТЖМ

Қарағанды облысында жоғалып кеткен жасөспірімді табуға көмектескен 18 жастағы ерікті Әділжан Дүренбеков марапатталды, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды облысының ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев салтанатты түрде 18 жастағы ерікті Әділжан Дүренбековты марапаттаған. Оған жоғалған жасөспірімді іздеуге белсенді қатысқаны үшін алғыс хат пен естелік сыйлық табысталған.

Әділжан – Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жанындағы инновациялық технологиялар колледжінің бірінші курс студенті.

Оның айтуынша, 2 сәуір күні жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабарламаны көрген бойда бірден іздеуге шыққан. Ол еш ойланбастан мотоциклімен жалғыз өзі жолға шығып, айналаны тексеруге кіріскен.

Әділжан Дубовка кентінің маңындағы өзен жағасын тексеруді жөн көрген. Дәл сол жерден ол жоғалған мектеп оқушысын тапқан.

"Әділжанның бұл әрекеті – бейжай қарамаудың, батылдық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2 сәуірде Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жасар бала іздестіріліп жатқанын жазған едік.

Кейін жеткіншектің Абай қаласынан 15 км қашықтықтағы далалы жерден аман-есен табылғаны белгілі болды.

Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірімді табуға көмектескен 18 жастағы жігіт марапатталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.