jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Navai-ге қатысты іс тоқтатылды: рэпер Қазақстаннан шығарылды

Рэп-орындаушы Navai
Рэпер Navai. Фото: instagram.com/Navaib

Navai-ге қатысты іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды. Ресейлік рэпер Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Келіп түскен сауалдарға байланысты ресейлік рэп-орындаушыға қатысты қылмыстық іс қылмыстық-процессуалдық заңнама талаптарына сәйкес, оның бірінші рет құқық бұзушылық жасағанын және істеген ісіне өкінетінін ескере отырып, ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылғанын хабарлаймыз", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Жамбыл облыстық ПД қабылданған процессуалдық шешімді қадағалаушы орган бекіткенін мәлім етті.

"Шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды", - деп хабарлады ведомстводан.

Navai-дың Қазақстанда ұсталуы

Естеріңізге сала кетейік, 14 қазанда Navai-дың тыңдармандары Астанада жоспарланған концертке бара алмайтыны белгілі болды. Ұйымдастырушылар концерттің тоқтатылғанын мәлімдеді.

Сол күні рэпердің Жамбыл облысында есірткі контрабандасы күдігімен ұсталғаны хабарланды – қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл ретте ресейлік рэпердің директоры Рауф Гусанов әртістің ұсталуына қатысты пікір білдіруден бас тартты. Ал әртістің анасы бұл жағдайды "қолдан ұйымдастырылған" деп атап, ұлының жақында босап шығатынына сенім білдірді.

Осы оқиғаға байланысты Қырғызстанда тексеру басталды. Шекара қызметі музыканттың есірткімен шекарадан қалай өткенін анықтап жатыр, кінәлілер жазалануы мүмкін.

15 қазанда әртіс сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Оның адвокаты Рена Керимова қорғау тарапы жазаны айыппұлмен алмастыруға күш салатынын мәлімдеді.

Navai-ге қатысты іс тоқтатылды: рэпер Қазақстаннан шығарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram