jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФММ оқушылары ем алып шықты

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФМШ оқушылары үйіне шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары ем қабылдап шықты.

"2026 жылғы 12 қазаннан бастап стационарға 58 бала жатқызылды. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетіп, клиникалық хаттамаларға сәйкес ем жүргізді", - деді ведомстводағылар.

Естеріңізге салаа кетейік, бұған дейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің ондаған оқушысы жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскені туралы жазған едік. Бұдан кейін мектепте тексеріс басталды.

Кейінірек Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға түскен оқушылардың жағдайы туралы мәлімет берді.

15 қазандағы мәлімет бойынша, Алматыдағы РФММ филиалынан ауруханаға жатқызылған оқушылар саны 55-ке жетті. Олардың жағдайы тұрақты екені хабарланды.

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФММ оқушылары ем алып шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram