RU

Қажымұрат Үсеновтің ұсталғаны ресми расталды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ЭКСПО-2017 құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтің ұсталғанын растады.

"Иә, ол кеше ұсталған. Тергеу жүргізіліп жатыр. Мәселе оның ЭКСПО-2017 қызметі аясындағы бюджеттік қаражаттар туралы болып отыр", - деп хабарлады жемқорлыққа қарсы мекеме басшысының орынбасары Алик Шпекбаев.

Бұған дейін БАҚ-та Қажымұрат Үсеновтің құрылыс компаниялардың бірінің мүддесін лоббилегені туралы ақпарат болған.

Атап өтейік, ЭКСПО-2017 құрылыс департаментінің бұрынғы басшысының есімі баласы Мақсат Үсеновтің қатысуымен көпшілік арасында шу шығарған ірі жол-көлік оқиғасынан кейін ерекше танымал болды.

Мақсат Үсенов 2013 жылдың 1 желтоқсанында Алматының Қабанбай батыр мен Масанчи көшелерінің қиылысында 23 жастағы Мұрат Қарабалинді көлігімен қағып кеткен болатын. Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмған.

4 ақпанда Алматы әкімшілік соты Мақсат Үсеновті 45 күнге қамауға алу шешімін шығарған болатын.  Ал 14 ақпанда Үсенов 15 АЕК (27780 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеліп, жүргізуші құқығынан 1 жылға айырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/784870-zhemqorlyqqa-qarsy-mekeme-qazhymurat-u/