Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Александр Бублик Халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

Опубликовано:

Александр Бублик
Александр Бублик кордта. Фото: Андрей Ударцев/ktf.kz

Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Бублик италиялық әріптесі Лоренцо Музеттимен бірге Мецтеде (Франция) өтіп жатқан ATP сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

1/8 финалдағы матчта Бублик пен Музетти Робин Хасе (Нидерланды)/Филипп Освальд (Аустрия) жұбына қарсы өнер көрсетті.

Ойын екі сетке созылды. Есеп: 7:6 (8:6), 6:3. Бублик пен Музетти матч кезінде ешқандай қателік жіберген жоқ.

Сонымен қатар Александр Бублик аталған халықаралық турнирде жекелей сында да жарыс жолына шығады. Бірінші айлалымда отандасымыз франциялық спортшы Эван Фернесспен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина WTA сериясындағы турнирдің финалында сәтсіздікке ұшырағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1988859-aleksandr-bublik-xalyqaralyq-turnirdin-sirek-finalyna-syqty/

pixel