Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жексенбі таңғы 7-де оятамыз": Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы ақпарат қашан шығатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы былғары қолғап шебері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қадірменді жанкүйерлер! Жекпе-жек уақыты мен қарсылас ресми түрде келесі аптаның басында жарияланады!

Дайындық қызып жатыр. Біз енді бастадық. Құдай қаласа алдағы 10 жылдықта барлығыңызды жексенбі күні таңғы 7-де оятамыз! Нәсіп болса елде де бірнеше бокс кешін ұйымдастырып, өнер көрсетеміз! Біз жанкүйермен мықтымыз! Тарихи күндерде жолығайық!" - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1990388-zeksenbi-tangy-7-de-oyatamyz-zanibek-alimxanuly-malimdeme-zasady/

pixel