Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін қазақстандық боксшылар Аммандағы Азия чемпионатына аттанады

Опубликовано:

Сакен Бибосынов жекпе-жек кезінде
Сакен Бибосынов. Фото: instagram/olympickz

30 тамыз күні Иордания астанасы Амманда бокстан Азия чемпионаты басталады. Осыған орай, Қазақстан құрамасы бүгін жарыс өтетін елді бетке алады, деп хабарлайды федерацияның ресми парақшасы.

Жарыста ерлер 13, әйелдер 12 салмақта сынға түседі.

"Сары құрлық додасын әдеттегідей Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырады.

Бүгін бокстан ерлер құрамасы Иордания еліне аттанады. Азия чемпионаты алдында Ұлттық құрама споршылары Бокс федерациясы атынан жаңа экипировкамен жасақталды.

Сонымен қатар, фармакологиялық витаминдермен, спорттық тағамдармен толықтай қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

Айта кетелік, боксшылар он салмақта өзара мықтыны анықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1994727-bugin-qazaqstandyq-bokssylar-ammandagy-aziya-cempionatyna-attanady/

pixel