Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қақпаны емес, елді қорғайды": 21 жастағы "Ақтөбе" ойыншысы өз еркімен әскерге кетті

Опубликовано:

Евгений Ситдиков
Евгений Ситдиков. Фото: fcaktobe.kz

"Ақтөбе" футбол клубының қақпашысы Евгений Ситдиков өз еркімен әскерге аттанды. Бұл туралы клубтың Instagram-дағы ресми парақшасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ақтөбенің" жас қақпашысы Женя Ситдиков әскери борышын өтейді. Ойыншы өз еркімен әскерге аттану туралы шешім қабылдады. Жасыл алаңда Женяны асыға күтетін боламыз", - деп жазылған клубтың ресми парақшасында.

Евгений Ситдиков 2001 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол 2017 жылы 21 жасқа дейінгі "Ақтөбе" командасының сапында мансабын бастады.

Ал ересетер командасына 2017 жылдың 30 қазанында қосылған. Сондай-ақ, 17 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетті.

Қақпашы әскери борышын Қарағанды қаласында өтейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997699-qaqpany-emes-eldi-qorgaidy-21-zastagy-aqtobe-oiynsysy-oz-erkimen-askerge-ketti/

pixel