Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдік сында алтын алған қазақстандық спортшы ел алдында сүйіктісіне сөз салды (видео)

Опубликовано:

Денис Никиша сүйіктісіне ұсыныс жасауда
Денис Никиша сүйіктісімен. Фото: Сали Сабиров

Шорт-тректен Қазақстан командасының мүшесі Денис Никиша Алматыда өткен әлем кубогі кезеңінде жалпы есебі үш медаль жеңіп алды. Ал соңғы жарыс күнінде алтыннан алқа таққан спортшы жанкүйер алдында сүйіктісіне сөз салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгінгі жарыс күнінде Никиша 500 метрге жүгіруден әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды. Ол осы бір қуанышты сәтін ерекше атап өтіп, сүйіктісіне көпшілік алдында үйленуге ұсыныс жасаған.

Денис марапаттау сәтінен соң мұз айдынының жиегінде тұрған сүйіктісіне ұсыныс жүзік тақты. Спортшының ғашығы өз кезегінде "иә" деп жауап берген.

Айта кетелік, Денис Никиша шорт-тректен Қазақстан командасы үздіктерінің бірі. Ол биылғы маусымдағы әлем кубогінің барлық кезеңінде медаль алған жалғыз қазақстандық спортшы.

Сондай-ақ Никиша 500 метрге жүгіруден әлемдік рейтингте көш бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2001978-alemdik-synda-altyn-algan-qazaqstandyq-sportsy-el-aldynda-suiiktisine-soz-saldy-video/

pixel