Футболдан Польша құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді
Опубликовано:

Футболдан Польша құрамасының бас бапкері Чеслав Михневич қызметінен кетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл ақпаратты Польша футбол федерациясының баспасөз қызметі растады. Ұйым басқа бапкермен келісім-шартқа отыратынын жеткізді.
Чеслав Михневич Польша құрамасының жаттықтырушысы лауазымына осы жылдың қаңтар айында тағайындалған еді.
Айта кетейік, Катарда өткен Әлем чемпионатында Польша құрамасы тобынан екінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алған еді. 1/8 финалда Роберт Левандовски бастаған ұжым Францияға есе жіберді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2002686-futboldan-polsa-quramasynyn-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketedi/