jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Арсенал" футбол клубының жанкүйерлері "Баварияның" фанатын соққыға жықты (видео)

    "Арсеналдың" жанкүйерлері
    "Арсеналдың" жанкүйерлері. Фото: Photo by Jacques Feeney/Offside/Offside via Getty Images

    Англиялық "Арсенал" футбол клубының жанкүйерлері германиялық "Бавария" командасының фанатын соққыға жықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    9 сәуірде Чемпиондар лигасының 1/4 финалында "Арсенал" мен "Бавария" командалары кездескен еді. Лондондағы "Эмирейтс — Эшбертон Гроув" стадионында өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

    Матч барысында жанкүйерлер отырған трибунада төбелес болды. "Арсеналдың" жанкүйерлері "Баварияның" фанатын соққыға жыққан. Мұндай агрессияға себеп – "Бавария" жанкүйерлерінің матчты стадионда отырып тамашалауы. Өйткені оларға "Лациоға" қарсы ойында алаңға пиротехникалық заттар лақтырғаны үшін матчқа келуге тыйым салынған еді.

    Айта кетейік, "Арсенал" мен "Бавария" арасындағы келесі матч 17 сәуірде "Альянц-Арена" стадионында өтеді.

    Еске салайық, Чемпиондар лигасының ширек финалдық матчында "Реал Мадрид" өз алаңында "Манчестер Ситимен" тең түсті. Ал "Барселона" сырт алаңда "ПСЖ" командасын жеңді.

    "Арсенал" футбол клубының жанкүйерлері "Баварияның" фанатын соққыға жықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.