jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақтың Мессиі атанып кеткен футболшының тұңғышы дүниеге келді

    Еркебұлан Сейдахмет
    Еркебұлан Сейдахмет. Фото: kff.kz

    Қазақтың Мессиі атанып кеткен футболшы Еркебұлан Сейдахметтің тұңғышы дүниеге келді. Сүйінші жаңалықты Ақтөбе футбол клубының өкілдері бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгін "Ақтөбе" ФК жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет әке атанды. Сейдахметтер отбасында ұл бала дүниеге келді. Еркебұланды құттықтаймыз, сәби мен анасына мықты денсаулық тілейміз!" - делінген клубтың Instagram желісінде жарияланған хабарламада.

    Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет 2023 жылғы қарашада шаңырақ көтерген еді. Оның таңдауы актриса Нұрсұлу Ізбасароваға түскен. Футболшы жарына көлік те сыйлаған болатын.

    Еркебұлан "Жетісу", "Тараз", болгариялық "Левски", ресейлік "Уфа", алматылық "Қайрат" сынды клубтарда ойнаған.

    Биылғы қаңтарда бес жыл ойнаған "Қайрат" сапынан кетті.

    Ол алматылық командада бес маусымда 107 матч өткізіп, 8 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. Командамен бірге Еркебұлан Қазақстан чемпионы әрі ел Кубогының иегері атанды.

    Қазақтың Мессиі атанып кеткен футболшының тұңғышы дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.