Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр соққы алған кәсіпқой боксшы есін жия алмай ажал құшты

Опубликовано:

Ботсвана елінің кәсіпқой боксшысы Герберт Нкабити жекпе-жекте алған жарақатынан қаза тапты деп хабарлайды massaget.kz.

Ауруханада бірнеше күн жатқан спортшыны дәрігерлер аман алып қала алмады. Герберт Нкабити өткен жұмада Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы Виллис Балойимен жұдырықтасқан болатын.

Жекпе-жектің алтыншы раундында ауыр соққы алған боксшы нокаутқа түсіп, есін жия алмады.

Артынша ауруханаға жеткізілгенмен, спортшы өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Ботсваналық боксшы 36 жасында көз жұмды.

Кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізген ол 10 кездесуінде жеңіске жетіп, үшеуінде ғана ұтылған.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Төрешіні нокаутқа түсірген футболшы 4,5 жылға спорттан шеттетілді (видео)

Рамазан айына дейін оразаның қарыз күндерін қашан өтеу керек?

Қырғызстан туризмді дамыту үшін есірткіні заңдастырғалы жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1483741-auyr-soqqy-alghan-boksshy-esin-zhiya-almay/