jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу мамыр айында өтуі мүмкін

    Фото
    Фото: Gettty Images/ Al Bello / Staff

    Boxingnews24.com сайтының тілшісі Дэн Эмброуз Сауль Альварестің кезекті жекпе-жегіндегі үш қарсыластың бірі - қазақстандық боксшы Геннадий Головкин. Оның мәліметінше, келесі кездесу 2021 жылдың мамырында өтпек деп жазады Sports.kz.

    "DAZN-мен екі жекпе-жек туралы келісім бойынша бірінші айқаста "Канело" WBA/WBC нұсқалары бойынша орта салмақта WBC желісі бойынша міндетті үміткер Авни Йылдырымға қарсы шығады. DAZN-мен келісімшарт аясында екінші жекпе-жек үшін "Канело" жұдырықтасуға шығатын үш қарсылас бар: Билли Джо Сондерс, Калеб Плант, Геннадий Головкин", - деді материал авторы.

    Еске салсақ, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты.

    Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталып, жекпе-жек соңында қазақстандық боксшы маңызды мәлімдеме жасады.

    Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми аккаунтында Геннадий Головкинге арналған жазбасын жариялады. Мемлекет басшысы боксшыны кезекті жеңісімен құттықтады.

    Сонымен қатар, Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

    Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу мамыр айында өтуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.