jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Мен оны "жеп тастағым" келді": Головкин ел күтпеген мәлімдеме жасады

    Геннадий Головкин
    Геннадий Головкин. Фото: Rich Polk/Getty Images for Chivas Regal

    Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұған дейін жұдырықтасқан қарсыластары туралы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Sports.kz.

    Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин рингтегі қарсыластарына қалай қарағаны туралы айтты: чемпион оларды "жеп тастағысы" келгенін мойындады.

    "Мен әрдайым қарсыласымды жығып, тіпті оны жойып жіберуді қалап тұратынмын. Кейбір боксшылар айтатындай, шаршы алаңда ойын ойнағым келмеді. Мен олай жұдырықтасуды қаламадым. Мен оны алдыма қойып, "жеп тастағым" келді", – дейді Головкин.

    Айта кеткен жөн, 2020 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік боксшылардың "ондығына" кіретіндердің тізімі ұсынылған болатын.

    Еске салсақ, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты.

    Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталып, жекпе-жек соңында қазақстандық боксшы маңызды мәлімдеме жасады.

    Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми аккаунтында Геннадий Головкинге арналған жазбасын жариялады. Мемлекет басшысы боксшыны кезекті жеңісімен құттықтады.

    Сонымен қатар, Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.