jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қоңқабаевты медальсіз қалдырған Баходир Жалолов мерзімінен бұрын финалға шықты

    Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов рингте
    Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасының басты жұлдызы, аса ауыр салмақтағы Баходир Жалолов финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жалоловтың жартылай финалдағы испаниялық қарсыласы финалға шығудан бас тартқан. Осылайша, өзбек боксшысы тікелей ақтық сынға өтті.

    Баходир Жалолов ширек финалда өзінің әккі қарсыласы, қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевты жеңген болатын.

    Өзбек алыбының финалдағы қарсыласы кешкі сессияда анықталады.

    Айта кетелік, Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының күндізгі сессиясынан соң үш қазақ боксшысы финалға шықты. Олар - Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі) және Дулат Бекбауов (67 келі).

    Бокстан әлем біріншілігі 14 мамыр күні мәресіне жетеді.

    Қоңқабаевты медальсіз қалдырған Баходир Жалолов мерзімінен бұрын финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.