Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерекше жетістік": Кеңес Рақышев боксшыларды әлемдік рейтингтегі бірінші орынмен құттықтады

Опубликовано:

Кеңес Рақышев чемпион атанған Асланбек Шымбергеновті құттықтауда
Асланбек Шымбергенов пен Кеңес Рақышев. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әлемдік рейтингте бірінші орынға шыққан ұлттық құраманың жетістігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"IBA сайтында осы спорт түріндегі үздік елдердің жаңартылған рейтингісі жарияланды. Қазақстан көш басындағы жеке дара орнын сақтап қалды! Осыған орай, мен елімізді осындай ерекше жетістікпен құттықтаймын!!!

Бұл спортшылар, жаттықтырушылар, дәрігерлер, мемлекетіміздің, федерацияның және жанкүйерлеріміздің ортақ жеңісі

Ең бастысы, біз еліміздің, халқымыздың сенімін ақтадық. Біздің міндетіміз - Қазақстанның көк туын ең ірі халықаралық турнирлерде биікке көтере беру!

Өзімнің және Қазақстан бокс федерациясының атынан алғыс айтамын", - деді Кеңес Рақышев.

Еске сала кетейік, әлемдік рейтингте Қазақстан Өзбекстанның алдын орап, бірінші орынға көтерілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2022518-erekse-zetistik-kenes-raqysev-bokssylardy-alemdik-reitingtegi-birinsi-orynmen-quttyqtady/

pixel