Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиада-2023: Боксшы Нұрбек Оралбай Қытайдағы этникалық қазаққа есе жіберді

Жарияланған күні:

боксшы
Нұрбек Оралбай шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Азия ойындарының 1/8 финалында жеңіліс тауып, келесі кезеңге шыға алмады. Отандасымыз қытайлық қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрбек Оралбай 80 келі салмақ дәрежесінде Қытай намысын қорғаған этникалық қазақ Тохтарбек Танатханға қарсы жекпе-жек өткізді. Кездесу 3:2 есебімен Қытай өкілінің жеңісімен аяқталды.

Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта нокдаунға жібергеніне қарамастан, төрешілер жеңісті Тохтарбек Танатханға берді.

Қос спортшы үшін де бұл Азия ойындарындағы алғашқы жек-жек болған.

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір отандық боксшы Назым Қызайбай Азия ойындарымен қош айтысты. Спортшы моңғолиялық қарсыласы Есугэн Оюунцэцэгке есе жіберді.

Сондай-ақ Сәкен Бибосынов та Азия ойындарында жеңіліс тапты. Ол өзбекстандық Хасанбай Дусматовқа жол беріп қойды.

Боксшы жекпе-жектен кейін жеңілісінің себебін түсіндіріп, қателіктің бәрі өзінен болғанын мойындады.

Ал бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Ханчжоудағы Азия ойындарын жеңіспен бастады. Боксшы өте қиын кездесуде жергілікті қытайлық спортшыны ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038773-aziada-2023-bokssy-nurbek-oralbai-qytailyq-qarsylasyna-ese-ziberdi/