Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны нокаутқа түсіре аламын": Жәнібек Әлімханұлы "Канеломен" жұдырықтасуға дайын екенін айтты

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (60-2-2, 39 КО) қарсы жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты. Отандасымыз оны ақпан айында жұдырықтасуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жәнібек Әлімханұлы әйгілі "Канелоға" Instagram парақшасында үндеу жасады.

"Менің дайын екенімді білесіздер. "Канело" дайын болса, мен онымен ақпан айында жұдырықтасуға дайынмын. Маған төрт белбеу керек. Мен оны оңайшылықпен нокаутқа түсіре аламын. Бокстан хабарыңыз болса, сіздер бәрін білесіздер", - деп жазды қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, 15 қазан күні Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-0-1, 7 КО) жеңіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық спортшыны алғашқылардың бірі болып құттықтады.

Әлімханұлы жеңісінен кейін маңызды мәлімдеме жасады. Ол белбеулерін қорғағысы келмейтінін алға тартып, алдағы уақытта тағы екі белбеудің иегері атанғысы келетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2041412-ony-nokautqa-tusire-alamyn-zanibek-alimxanuly-kanelomen-zudyryqtasuga-daiyn-ekenin-aitty/

pixel