jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Боксшы Абылайхан Жүсіпов отандасы Жәнібек Әлімханұлы жайлы не ойлайтынын айтты

    Абылайхан Жүсіпов
    Абылайхан Жүсіпов. Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

    Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов отандасы Жәнібек Әлімханұлының соңғы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Спортшы оның абсолют чемпион болатынына сенімді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Абылайхан Жүсіпов Prosports.kz сайтына берген сұхбаты барысында Жәнібек Әлімханұлына қатысты өз ойын айтты. Боксшы отандасының соңғы жұдырықтасуы жайлы сөз қозғады.

    "Жекпе-жекті көрдім. Жәнібек үшін тамаша және әдемі жеңіс. Жәнібекті құттықтаймын. Оның абсолютты әлем чемпионы атана алатынына сенемін. Өйткені оның әлеуеті өте зор", – деді Жүсіпов.

    Айта кетейік, 15 қазан күні Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-0-1, 7 КО) жеңіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды.

    Әлімханұлы жеңісінен кейін маңызды мәлімдеме жасады. Ол белбеулерін қорғағысы келмейтінін алға тартып, алдағы уақытта тағы екі белбеудің иегері атанғысы келетінін жеткізді.

    Сондай-ақ қазақстандық боксшы әйгілі "Канеломен" жұдырықтасуға дайын екенін айтты.

    Боксшы Абылайхан Жүсіпов отандасы Жәнібек Әлімханұлы жайлы не ойлайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.