jitsu gif
Спорт

    "Чемпион болмайынша тоқтамаймыз": қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабын жеңіспен бастады

    Cаматәлі Төлтаев және оның командасы
    Cаматәлі Төлтаев және оның командасы. Фото: instagram.com/stories/zhanpeis_nazargali

    Қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаев кәсіпқой мансабындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Түркияда өткен кәсіпқой бокс кешінде Саматәлі Төлтаев жергілікті былғары қолғап шебері Рефик Тарханмен жұдырықтасты. Жекпе-жек 63,5 келі салмақ дәрежесінде 6 раундқа жоспарланған. Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы қарсыласынан басым түсті.

    Осы жекпе-жектен кейін Саматәлі Төлтаевтың промоушені Instagram желісінде жазба жариялады.

    "Дебют ! Алғашқы жеңіс! Алғашқы қарсылас та осал болмады. Ер мінезді, артқа шегінбейтін спортшы екен. 6 раундта басымдық көрсетіп, жеңісті жұлып алдық. Енді келесі кездесуді мамыр айында күтіңіздер. Енді чемпион болмайынша тоқтамаймыз, боксты сағындық!" – деп жазылған R12 кәсіпқой бокс промоушенінің Instagram-дағы парақшасында.

    Еске салайық, өткен жылы Саматәлі Төлтаевтың допинг сынамасынан спортшылардың қолдануына тыйым салынған дәрі табылған еді. Кейін боксшы 2023 жылдың 3 наурызынан 2026 жылдың 3 наурызына дейін спорттан шеттетілді. Ал жақында Саматәлі кәсіпқой боксқа ауысқаны белгілі болды.

    "Чемпион болмайынша тоқтамаймыз": қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабын жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.