Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Литвадағы бокс турнирінде Қазақстан қоржынына тағы 2 алтын медаль түсті

Опубликовано:

Максим Молодан мен Фарух Тоқтасынов рингте
Максим Молодан мен Фарух Тоқтасынов рингте. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Литваның Каунас қаласында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас турнирінде тағы 2 қазақстандық боксшы алтын жүлде жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

71 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Фарух Тоқтасынов украиналық қарсыласы Максим Молоданды жеңді. Ал 75 келі салмақтағы Азамат Бектас польшалық боксшы Михал Ярлинскиден басым түсті.

Еске салайық, қазақстандық тоғыз боксшы Литвада өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына өтті. Олар: Нұрсұлтан Алтынбек, Асылжан Серікбай, Алмат Әбдуәли, Жандос Қыдыралиев, Елнұр Сүйінбай, Фарух Тохтасунов, Азамат Бектас, Тұрсынбай Құлахмет, Абзал Құттыбеков.

Нұрсұлтан Алтынбек финалда украиналық қарсыласы Иван Завадскийге есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі. Асылжан Серікбай украиналық боксшы Денис Поздольскийді жеңіп, алтын медальға ие болды. Алмат Әбдуәли Латвия өкілі Матвейс Прокудинстан жеңілді. Жандос Қыдырәлиев жекпе-жекке шықпай-ақ алтын жүлде алды. Елнұр Сүйінбай украиналық боксшы Кирилл Глобенкодан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Альгирдас Шоцикас турниріне әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы барған. Ал Қазақстаннан 11 былғары қолғап шебері аттанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2072610-litvadagy-boks-turnirinde-qazaqstan-qorzynyna-tagy-2-altyn-medal-tusti/

pixel