jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Америкалық инсайдер Геннадий Головкиннің бокстағы жоспарларын айтты

    Геннадий Головкин
    Геннадий Головкин. Фото: Erick W. Rasco/Sports Illustrated via Getty Images

    Америкалық бокс шолушысы және инсайдер Дэн Рафаэль орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "GGG зейнетке шыққанын ресми түрде хабарламады. Бірақ ол боксты тастап, басқа іспен айналысуға көшкен сияқты", – деп жазды Дэн Рафаэль X желісіндегі парақшасында.

    Айта кетейік, 8 сәуірде 42 жасқа толған Головкин соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізді. Ол кезде қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласы Сауль Альварестен үшінші мәрте жеңіліп қалды.

    Биыл ақпанда Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелері оның кандидатурасын бір ауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.

    Еске салайық, Геннадий Головкин спорттағы жемқорлыққа қатысты ұстанымын айтты.

    Америкалық инсайдер Геннадий Головкиннің бокстағы жоспарларын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.