Махмұд Сабырханның інісі төрт дүркін Азия чемпионы атанды
Опубликовано:
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Төрехан Сабырхан 67 кг cалмақтағы бәсекенің финалында өзбек боксшысы Мухамедазизбек Исмоиловты 5:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Осылайша, қазақстандық боксшы төртінші мәрте Азия чемпионатында жеңімпаз атанып отыр.
Айта кетейік, Төрехан – бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырханның інісі. Махмұд наурызда Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді. Ал Төрехан Сабырхан 19 жасқа толмағандықтан Олимпиадаға іріктеу турнирлеріне қатыса алмайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2097038-torehan-sabyrhan-qarsylasyn-eki-ret-nokdaunga-zhiberip-aziia-chempiony-atandy/