Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамшыбек Қоңқабаев қырғызстандық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді

Опубликовано:

Қамшыбек Қоңқабаев жекпе-жек кезінде
Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: Olympic.kz

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогі" халықаралық турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) қырғызстандық боксшы Бектур Әлімбек Уулумен қолғап түйістіріп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осыған дейін Махмұд Сабырхан (57 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) және Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген Аман Қонысбеков (71 кг) "Елорда кубогын" жеңіспен бастаған еді.

Айта кетейік, "Елорда кубогі" 18 мамырға дейін жалғасады. Турнирге 60-қа жуық қазақстандық боксшы қатыспақ. Сондай-ақ Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзербайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан және Қытай боксшылары да бақ сынайды.

Жарыстың жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы қарастырылған. Әр салмақ дәрежесінде бірінші орынға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2099693-qamshybek-qongqabaev-qyrgyzstandyq-boksshyny-tehnikalyq-nokautpen-zhengdi/