Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шаршы алаңда қас жаумыз, өмірде доспыз": Қоңқабаев өзбек боксшысы Жалоловпен қарым-қатынасы туралы айтты

Опубликовано:

Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов рингте
Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық былғары қолғап шебері Баходир Жалоловпен қарым-қатынасы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Спорт министрі" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын екі боксшы сәуірде Түркістан облысында өткен оқу-жаттығу жиынында бірге жаттыққан еді.

"Біз қанша қарсылас болсақ та, бір жағынан көрші, мұсылман бауырмыз. Сондықтан сәлеміміз әрдайым түзу. Ол мені Ташкентке, мен оны Алматыға шақырамын. "Отбасыңмен кел, қыдыр" деймін. Оқу-жаттығу жиынында әңгімелесіп, әзілдесіп жүрдік. Бірге жаттығу жасадық. Шаршы алаңда қас жаумыз, былай келгенде доспыз, бауырмыз", - деді Қоңқабаев.

Айта кетейік, өткен жылы қазанда Қоңқабаев пен Жалолов Азия ойындарының финалында жұдырықтасқан еді. Бұл жекпе-жекте өзбекстандық боксшы жеңген болатын. Биыл екеуі де Париж Олимпиадасында бақ сынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2111328-sharshy-alangda-qas-zhaumyz-omirde-dospyz-qongqabaev-ozbek-boksshysy-zhalolovpen-qarym-qatynasy-turaly-aitty/